22.06.2020, 14:43
Оқиғалар
Жамбыл облысында 8 жасар бала бассейнге батып кетті
Өңірде жыл басынан бері 5 адам суға кеткен
21 маусымда Жуалы ауданы Теріс-Ащыбұлақ су қоймасы аумағындағы демалыс орындарының бірінде орналасқан 3 метр тереңдіктегі бассейнде 2012 жылы туған бала суға батып кетті, деп хабарлайды Жамбыл облысы ТЖД.
«Бала ересектердің қарауынсыз қалып, суға батып кетті. Оқиға орнына Жамбыл облысы ТЖД 2 қызметкері мен 1 техникасы жіберілді»,- делінген хабарламада.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, бұл биылдыққа 5-ші қайғылы оқиға. Өңірде жазғы шомылу маусымы басталғалы бері бес адам суға батып, оның біреуі құтқырылып 4 адам қаза болды, оның үшеуі бала.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді