$ 536.58  622.75  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырауда мұнай-газ компаниясы қызметкерінің өліміне лауазымы себеп болды ма – министр жауап берді

Ерлан Аққкенженов марқұмның туыстарына көңіл айтты 

Атырауда мұнай-газ компаниясы қызметкерінің өліміне лауазымы себеп болды ма – министр жауап берді
Фото: скрин

Атырауда кісі қолынан қаза тапқан мұнай-газ саласындағы компанияда лазауымды қызмет атқарған әйелдің өлімі туралы энергетика министрі Ерлан Ақкенженов пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бұл - жантүргірелік жағдай. Өз атымнан марқұмның отбасына, туыс-туғандарына қайғырып көңіл айтамын. Мен әйелді жеке танымаймын. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Әйелдің өлімі оның қызметіне байланысты болуы мүмкін бе?» деген сұраққа министр: «қылмыстың оның жұмысына қатысы бар ма, жоқ па - тергеу органдары анықтайды», - деп жауап берді.

Еске салсақ, Атырауда NCOC компаниясының дамытуды жоспарлау бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген 46 жастағы Бибігүл Шпанованы өз пәтерінде ер адам тонап, артынан өлтіріп кеткен. Әйелдің денесінде зорлық-зомбылық іздері болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Шпанованың жүкті болғаны айтылады.

Полиция 1987 жылы туған ер адамды ұстап, «кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Серіктес жаңалықтары