$ 513.74  569.17  6.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда автобус жүргізушісі жолды бөгеп, жас жігітке ортаңғы саусағын көрсетіп кеткен

Ол жауапкершілікке тартылды 

Алматыда автобус жүргізушісі жолды бөгеп, жас жігітке ортаңғы саусағын көрсетіп кеткен
Фото: скрин

Алматыда жеңіл көлік пен автобус жүргізушісі жол үстінде сөзге келіп қалған. Жеңіл көліктің иесі өзіне ортаңғы саусағын көрсетіп, балағаттаған автобус жүргізушісін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялап жіберді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видеода автобустан түсіп келген ер адам оған есігін ашуды бұйырған, бірақ жас жігіт көліктен шықпай тек камераға түсіріп тұрады. Ер адам оған ашуланып, боғауыз сөздермен балағаттап, ортаңғы саусағын шошайтып, кейін көліктің алдыңғы бөлігін бір теуіп кетеді.

21 жастағы жігіттің анасы автобус жүргізушісінің жол ережесін бұзғанын айтып, ұлын жақтап жазба қалдырған. Алайда желі қолданушылары автобус жүргізушінің жағына шығып, жас жігіт автобусқа жол бермеген деп жатыр.

Қалалық полиция болған оқиғаға байланысты пікір білдірді.

«Автобус жүргізушісінің іс-әрекетіндегі ұсақ бұзақылық белгілері тексеріледі, ол әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Іс материалдары қолданыстағы ретінде қарау үшін сотқа жіберілді», деді Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары