$ 536.58  622.75  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырау облысында ер адам құлдықтан қашып шыққанын айтып, жылады - полиция видеоға қатысты түсініктеме берді

Полиция оның сөзін теріске шығарды 

Атырау облысында ер адам құлдықтан қашып шыққанын айтып, жылады - полиция видеоға қатысты түсініктеме берді
Фото: скрин

Әлеуметтік желіде ер кісінің 7 ай құлдықта болғанын, одан әрең қашып құтылғанын айтып жылап отырған видеосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Atyrauoil.official парақшасындағы мәліметке сәйкес, Атырау облысында 54 жастағы Ерлан Сабыров Индер ауданында жеті ай бойы еңбек құлдығында болған. Оны бақылап, ешқайда жібермей ұстаған адамның атын ұмытып қалған. Айтуынша, оған мал баққызып, еңбегінің ақысын бермей, қанаған.

«Мал баққызып, ешқандай ақы төлмеді. Мен құл болдым. Мүмкін болған уақытты пайдаланып, қашып шықтым. Үсті-басым кір-қожалақ еді, бір таныс жігіт көмектесіп, жуындырып-шайындырды, жаңа киім берді», - дейді Ерлан Сабыров.

Ол қазір Атырау облысында тұратын інісінің үйіне бара жатқанын айтады. Сабыров бүкіл құжатым өзіммен бірге, сөмкемде жатыр дейді.

Редакция Атырау облысы полиция департаментінен оқиғаға байланысты түсініктеме сұрады. Құқық қорғау органдары Ерлан Сабыровтың айтқандарын теріске шығарды.

«Әлеуметтік желіде мониторинг жасау кезінде анықталған дерекке қатысты мәселені дереу анықтай бастадық. Нәтижесінде 1971 жылы туған ер адамның еш жерде мәжбүрлі түрде немесе құлдықта болмағаны анықталды. Аталған азаматтың тұрғылықты мекен-жайы бойынша туыстарымен әңгіме жүргіздік, таралған ақпараттың жалған екендігі белгілі болды», - деді полициядан.

Серіктес жаңалықтары