$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бурабайда асырап алған баласының аяғын кетпенмен ұрып, тіліп жіберген әйел сотталды

Оның үстіне, бүлдіршіннің психикасы бұзылған болып шықты

Бурабайда асырап алған баласының аяғын кетпенмен ұрып, тіліп жіберген әйел сотталды
Фото: freepik.com

Ақмола облысы Бурабай аудандық соты асырап алған баласын аяусыз сабаған әйелдің ісін қарады. Ол 2014 жылы туған ұлдың аяғын темір кетпенмен ұрып, аяғына тыртық салған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дереккөзге сүйенсек, Щучинск қаласында тұратын әйел 2022 жылы жетімдер үйінен бала асырап алған. Баланың психикалық ауруы бар екені анықталды. 2014 жылғы ұл баланы патронаттық тәрбиеге алған әйел оған қатігездік танытып, жиі ұрып-соққан.

Сондай жағдайлардың бірінде, дәлірек айтсақ, 2024 жылдың қазанында әйел асырап алған ұлының аяғын темір кетпенмен ұрып, жаралаған.

«Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, аяғы жараланып, тыртық қалған. Сот әйелге 295 360 теңге айыппұл салып, екі жыл бойы бала тәрбиесімен айналысуға тыйым салды», - деп хабарлайды Бурабай соты.

Серіктес жаңалықтары