$ 516.01  582.47  6.26
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырауда элиталы үйде әйел адамды пышақтап өлтіріп кеткен күдікті ұсталды

Күдікті қазіргі уақытта қамауға алынып, үстінен қылмыстық іс қозғалды

Атырауда элиталы үйде әйел адамды пышақтап өлтіріп кеткен күдікті ұсталды
Фото: istockphoto.com

Атырауда «Француз кварталы» элиталы тұрғын үй кешенінде әйел адамды өлтіріп кеткен күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Atyrau Online мәліметіне сүйенсек, марқұмның аты-жөні – Бибігүл Шпанова.

Күдікті қазіргі уақытта қамауға алынып, үстінен қылмыстық іс қозғалды.

«Атырау облысының полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 1979 жылы туға әйел адамды тұрғын үйінде өлтірген 1987 жылы туған күдікті ізін суытпай ұсталып, қамауға алынды. Күдіктіден заттай айғақтар табылып, тәркіленді. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2 бөлігі, яғни адам өлтіру дерегімен қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу амалдары жүргізілуде.

Тергеу барысы департамент бастығының бақылауында. Сондай-ақ, әлеуметтік желі қолданушыларынан ресми ақпаратқа ғана жүгініп, жалған ақпарат таратпауын сұраймыз!» - делінген облыстық Полиция департаментінің агенттік тілшісіне берген жауабында.

Айта кетейік, осыған дейін Атырауда адам шошырлық оқиға болып, элиталы үйден әйел адамның мәйіті табылғаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары