$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.07.2024, 16:34
Оқиғалар

Он сегіз жерінен пышақ сұққан: марқұм Айман Асанованың ағасы 50 млн теңге талап етті

Қыздарының қазасынан қан жұтқан марқұмның әжесі мен әкесі де өліп кеткен

Он сегіз жерінен пышақ сұққан: марқұм Айман Асанованың ағасы 50 млн теңге талап етті
Фото: Facebook/Aiman Assanova

18 жерінен пышақ жарақатын алып көз жұмған заңгер Айман Асанованың ағасы әпкесінің өліміне кінәлі адамнан 50 млн теңге моральдық зиян өтемақысын өндіру туралы талап қойып, №2 Алмалы аудандық сотына жүгінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жауапкер бұрынғы зайыбымен жанжалдасу кезінде оған 18 рет пышақ салған. Осындай көптеген жарақаттан әйел ауруханада қайтыс болды.

«Қайтыс болған әйелдің ағасы қойған талабында қарындасының өлімі оған және барлық жақынына ауыр қайғы-қасірет әкелгенін атап көрсетті. Оның әжесі мен әкесі уайым-қайғының салдарынан қайтыс болды. Ол отбасына келтірілген моральдық зиянды 50 млн. теңгеге бағалады.

Жауапкердің өкілі қойылған талапты мойындамай, әйелдің өліміне кінәлі адамға қылмысы үшін жаза қолданылғанын – оның 11 жылға бас бостандығынан айырылғанын және қойылған талапта көрсетілген соманың қолында жоқ екенін атап көрсетті.

Сот қойылған талапты ішінара қанағаттандырды. Парасаттылық пен әділдік талаптарын басшылыққа ала отырып, талап қоюшының пайдасына моральдық зиянды өтеу ретінде 10 млн. теңге өндірілді», - деп хабарлады Алмалы аудандық соты.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, қазақстандық заңгер Айман Асанова былтыр 12 қазанға қараған түні ауруханада қайтыс болды. Қайғылы оқиға болардан төрт күн бұрын оның бұрынғы күйеуі Талғат Нұртаев Айман Асановамен «мүлікті бөлісуді талқылауға» келген. Экс-жұбайлар арасында дау туып, Нұртаев Асанованы 18 жерінен пышақтап тастаған. Соққының көбі 42 жастағы заңгердің басы мен мойын тұсына тиген. 

 

Серіктес жаңалықтары