«Бір адам тірідей жанып кеткен»: Шымкенттегі алапат өрттің видеосы тарады

Қазір полиция қызметкерлері жол апатының мән-жайын анықтап жатыр

«Бір адам тірідей жанып кеткен»: Шымкенттегі алапат өрттің видеосы тарады
Фото: скриншот

Шымкент қаласында жанар-жағармай құйылған көлік аударылып, арты алапат өртке ұласқан, деп жазады Azattyq Rýhy.

Дереккөзге сүйенсек, көлік тас жолдың бойында аударылып, өртеніп кеткен. Ең қауіпті ранг жарияланып, оқииға орнына ТЖД бар күші келген.

«Жол апаты кезінде көлік тұтастай өртке оранды. Жерге төгілген бензинге де от тиіп, арты алапат өртке ұласты. Өрт сөндірушілер көліктің ішінен жүргізушінің мәйітін тапты», - деп хабарлайды дереккөз.

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өрттің видеосын таратып, ақпарат ұсынған.