Жамбыл облысы арқылы Қазақстанға құны жарты млрд теңге болатын 13 мың темекі өтіп кете жаздаған

Оны Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанның бірнеше өңірінде заңсыз өнімді тәркілеп, шекарадан өткізбей қойған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Мәселен, дереккөзге сүйенсек, 2026 жылдың қарашасында Ақтөбе облысындағы «Әлімбет» автомобиль өткізу пунктінде шекарашылар 593 мың қорап темекіні тәркілеген.

«Ал Жамбыл облысының шекарашылары 13 960 вейпті тәркілеп алған. Алдын ала болжам бойынша, бұл заңсыз өнімнің нарықтағы жалпы құны 510 млн теңге», - деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін хабарлағынымыздай, Қырғызстаннан Қазақстанға заңсыз темекі тасыған қылмыстық топтың «көкесі» лауазымды шенеунік болған. Бұл заңсыз өнімнің айналымы – 200 млрд теңге деп бағаланған.