$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.10.2023, 10:49
Қоғам

18 жерінен пышақталған заңгердің өліміне қатысты іске нүкте қойылды

Бір жыл бұрын Алматыда жантүршігерлік қылмыс болған еді

18 жерінен пышақталған заңгердің өліміне қатысты іске нүкте қойылды

Алматылық адвокат Айман Асанова өз үйінде өлі табылды. Тергеушілер танымал адвокаттың өліміне оның бұрынғы күйеуі 52 жастағы Талғат Нұртаев кінәлі екенін анықтаған. Бір қызығы Нұртаев бастапқыда адам өлтіргені үшін небәрі 1,5 жылға сотталған болатын, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Күні кеше заңгер Айман Асанованы өлтірді деген экс-күйеуіне қатысты жаңа сот үкімі шықты. Бұл жолы сот Нұртаев Асанованы қасақана өлтірді деген шешім шығарды.

«Нұртаев 2022 жылғы 9 қазанға қараған түні бұрынғы жұбайын оның үйінің жанына барып, күтіп тұрған. Ер адам оған мүлікті бөлу туралы талап қояды. Әйел дөрекі жауап қатып, ауыр сөздер айтып бұл мәселені талқылаудан бас тартады. Осыған байланысты бұрынғы ерлі-зайыптылар арасында тағы да ұрыс басталады. Жанжал кезінде ер адам қолындағы пышақпен әйелге 18 соққы жасайды. Ауыр жарақат салдарынан әйел ауруханада көз жұмды», - деп хабарлады Алматы соттарының баспасөз қызметі.

Қазақстандық заңгер Айман Асанова былтыр 12 қазанға қараған түні ауруханада қайтыс болды. Қайғылы оқиға болардан төрт күн бұрын оның бұрынғы күйеуі Талғат Нұртаев Айман Асановамен «мүлікті бөлісуді талқылауға» келген. Экс-жұбайлар арасында дау туып, Нұртаев Асанованы 18 жерінен пышақтап тастаған. Соққының көбі 42 жастағы заңгердің басы мен мойын тұсына тиген. 

Серіктес жаңалықтары