Қазақстан Азия ойындарының медаль кестесінде алғашқы ондыққа кірді

Azattyq Rýhy

Медаль есебінде Жапония 166 медальмен (47 алтын, 57 күміс және 62 қола) екінші орында

Қазақстан Азия ойындарының медаль кестесінде алғашқы ондыққа кірді
Фото: Tengrinews

Бүгін Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан спортшылары жеті медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Бүгінгі жарыста Қазақстан спортшылары бір алтын, үш күміс және үш қола жеңіп алды.

Жалпы, 2023 жылғы Азия ойындарында отандық спортшылар қоржынында 68 медаль бар: 9 алтын, 18 күміс және 41 қола. Жалпыкомандалық медальдық есепте Қазақстан 10-шы орында.

Құрлық біріншілігінің абсолютті көшбасшысы – Қытай, оның спортшылары 353 медаль (187 алтын, 104 күміс және 62 қола) жеңіп алған.

Медаль есебінде Жапония 166 медальмен (47 алтын, 57 күміс және 62 қола) екінші орында.

Үшінші орында – Оңтүстік Корея, оның қоржынында 169 медаль (36 алтын, 49 күміс және 84 қола) бар.

Посткеңестік елдер арасында Өзбекстан бұрынғыдай көш бастап тұр, ол бесінші орында (64 медаль; 20 алтын, 18 күміс және 26 қола).

Медаль тізімінде Қазақстаннан төмен Қырғызстан – 16-шы орын (13 медаль; 4-2-7), Тәжікстан – 24-орын (7 медаль; 2-1-4) және Түрікменстан – 29-орын (5 медаль; 0-1 -4) тұр.

Азия ойындарының медаль кестесіндегі үздік 10 ел: 
1. Қытай – 187-104-62 (353)
2. Жапония - 47-57-62 (166)
3. Оңтүстік Корея - 36-49-84 (169)
4. Үндістан - 22-34-39 (95)
5. Өзбекстан – 20-18-26 (64)
6. Тайвань - 17-16-25 (58)
7. Солтүстік Корея - 11-18-10 (39)
8. Таиланд - 10-14-30 (54)
9. Бахрейн - 10-3-5 (18)
10. Қазақстан - 9-18-41 (68).

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.