$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.07.2024, 15:57
Оқиғалар

Батыс Қазақстандағы қоқыс полигонында қалдық мөлшері 38 есеге артып кеткен

Облыстың мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы дер кезінде шара қолданды

Батыс Қазақстандағы қоқыс полигонында қалдық мөлшері 38 есеге артып кеткен
Фото: t.me/GenPr/

БҚО-да прокурорлар қалдықтарды ҚТҚ полигонына нормативтен тыс орналастыруға жол бермеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Бөрлі ауданының Ақсай қаласындағы ҚТҚ полигонында құрылыс қалдықтарын көмуге рұқсат берген. Сондай-ақ 2023 жылға арналған лимиттерден жалпы көлемі 38 есе асатын қалдықты орналастырған.

«Қадағалау актісі бойынша жоғарыда аталған екі қорытындының күші жойылды. Бұл Бөрлі ауданының Ақсай қаласындағы ҚТҚ полигонында қалдықтарды нормативтен тыс орналастырудың алдын алды. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 1 лауазымды адамы тәртіптік жазаға тартылды», - деп хабарлады БҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы.

Серіктес жаңалықтары