11.07.2024, 16:48
Оқиғалар
Алматы облысында мопед жүргізушісі аударылып қаза тапты (ВИДЕО)
Ол көлікте жалғыз болмаған
Фото: видеодан скриншот
Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылында мопед жүргізушісі жол апатына түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«10 шілде күні Тұздыбастау ауылында мопед аударылып кетті. Жүргізуші рөлді басқара алмай қалған. Апат салдарынан жүргізуші сол жерде қайтыс болды. Түрлі жарақаты бар жолаушы ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлады полиция.
Аймақ полициясы жол қауіпсіздігі талаптарын бұзбауға және ҚР Жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Көп оқылған
19.11.2026, 13:32
«Жансейіт Түймебаевтың арқасы»: Тоқаев Серіктестер форумында ҚазҰУ ректоры туралы сөз қозғады
19.11.2026, 10:00
Ет - етке, сорпа - бетке: Астанаға мал сойып әкелетін делдалдар базардағы бағаға қалай ықпал етеді
19.11.2026, 17:27
Астанада қызметкерін жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген полковник 6 млн теңге айыппұл арқалады
19.11.2026, 12:32
Бас мүфти Астананың тамадаларын жинап алып, тойдағы ұятсыз ойындар туралы сөйлесті
