$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.02.2020, 23:30
Оқиғалар

Түркістан облысындағы қару ұрлығы: тағы бір күдікті қолға түсті

Жедел-тергеу тобы Абылай Балғынбайдың тағы бір сыбайласын  анықтады

Түркістан облысындағы қару ұрлығы: тағы бір күдікті қолға түсті

Түркістан облысындағы әскери бөлімнен қару ұрлау ісіне қатысы бар тағы бір күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Жедел-тергеу тобы тағы бір күдікті тұлғаны, Абылай Балғынбайдың сыбайласын  анықтады.

«Қылмыстық іске қатысы бар күдікті Абылай Балғынбайдан ақшаға екі тапанша сатып алған, ол қарулар тәркіленді. Оның қаруды сатып алған себебі мен мақсаты, сондай-ақ жасалған қылмыстың мән-жайы тергеу барысында анықталатын болады», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Еске сала кетсек, 20 ақпан күні түнде Түркістан облысында Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімшесінде келісімшарт бойынша борышын атқарып жүрген әскери қызметші, кіші сержант Абылай Балғынбай кезекшілікті өз бетімен тастап шығып, 30-ға жуық қару-жарақты ұрлап кеткен болатын.

Біршама уақыттан соң ІІМ және ҰҚК қызметкерлерінің арнайы жедел тобы әскери қызметшіні қолға түсірді. Көп ұзамай Абылай Балғынбайдың екі сыбайласы ұсталды.

Кейінірек Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қару-жарақ ұрлап қашқан сарбазға қатысты іске қатысты жаңа деректерді жария еткен еді. Белгілі болғандай, әскери қызметші қару-жарақты осы жылдың қаңтар айынан бастап ұрлай бастаған. 

Дереккөз: Polisia.kz

Серіктес жаңалықтары