20.02.2020, 20:45
Жаңалықтар
Әскери бөлімнен қарумен қашқан сарбаз ұсталды - ІІМ
Арнайы операцияны ІІМ мен ҰҚК жедел тобы жүргізген
Фото: otyrar.kz
Ордабасы ауданы Бадам станциясы маңындағы әскери бөлімнен 30 атыс қаруын ұрлап қашқан сарбаз ұсталды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Сарбазды ұстау операциясын ІІМ мен ҰҚК арнайы жедел тобы бірігіп жүргізген.
«Бүгін әскери бөлімнен қару-жарақ ұрлап қашқан 1995 жылы туған Абылай Балғынбай ұсталды. Қаруды ұрлау фактісі бойынша ҚР ҚК 291 бабы бойынша тергеу жүріп жатыр», - деді ІІМ өкілдері.
Естеріңізге сала кетсек, бүгін әлеуметтік желілерде Абылай Балғынбай есімді сарбаздың Ордабасы ауданы Бадам станциясы маңындағы әскери бөлімнен 30 АК-74 автоматын, 27 ПМ тапаншасын, 400 дана 5,45 оғын алып қашқаны туралы ақпарат тарады. Бұл оқиғаны Қорғаныс министрлігі де растаған еді.
Көп оқылған
11.08.2026, 10:40
«Кінәсіз»: Қаскелеңде күйеуін пышақтап өлтірген жүкті әйел сот залында босап шықты
11.08.2026, 11:17
Ақмола облысының тас жолындағы сұмдық апат: екі адам қаза тауып, сегізі ауруханаға түсті
11.08.2026, 09:25
Боқтап, полицияға бағынбаған: БҚО-да жас жігіт бір айға жуық уақытын қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
11.08.2026, 16:31
«Жол бермеді» деп жүргізушіні ұрып жыққан: Алматыда жолдағы жанжал қылмыстық іске ұласты (ВИДЕО)
11.08.2026, 14:17
5 млн теңге алимент төлемеген: Астана тұрғыны екінші рет сотталды