$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.02.2020, 14:16
Үкімет

Қорғаныс министрлігі әскери бөлімнен 30 атыс қаруын ұрлап қашқан сарбазға қатысты жауап берді

Оқиға Шымкент қаласына жақын маңдағы әскери бөлімде болған

Қорғаныс министрлігі әскери бөлімнен 30 атыс қаруын ұрлап қашқан сарбазға қатысты жауап берді
фото: otyrar.kz

Бүгін әлеуметтік желілерде Абылай Балғынбай есімді сарбаздың Ордабасы ауданы Бадам станциясы маңындағы әскери бөлімнен 30 АК-74 автоматын, 27 ПМ тапаншасын, 400 дана 5,45 оғын алып қашқаны туралы ақпарат тарады. Бұл оқиғаны Қорғаныс министрлігі де растап отыр. Ведомствоның баспасөз қызметі әскери қызметші мен жоғалған қаруды іздестіріп жатқанын хабарлады.

«Шымкент қаласына жақын жердегі әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери бөлімінің бірінде келісім-шарт бойынша әскери қызметші кіші сержант А.Балғынбай рота бойынша кезекші ретінде ауысым кезекшісі құрамында болып, бөлімді өз еркімен тастап кеткен. Дәл сол уақытта қаруды сақтау бөлмесінде атыс қаруының белгілі бір санының жетіспеушілігі анықталды. Құқық қорғау органдары мен әскери полиция күштері әскери қызметші мен жоғалған қаруды іздеу және ұстау бойынша барлық қажетті жедел-іздестіру, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жүргізуде», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары