$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.02.2020, 13:08
Үкімет

Білім министрі университет ректорларынан форум өткізуді қысқартуды талап етті

Енді ректорлар шығындарын қайта есептеуі тиіс

Білім министрі университет ректорларынан форум өткізуді қысқартуды талап етті

Білім министрі Асхат Аймағамбетов университет басшыларына әртүрлі форумдар мен тиімсіз іс-шараларға жұмсалатын шығындарды азайтуды тапсырды, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Білім және ғылым министрлігіне  сілтеме жасап.

«Мемлекеттік университеттер тиімсіз шығындарды қайта қарауы тиіс. Әртүрлі тиімсіз форумдарды, шараларды қысқарту керек. Президент қаңтар айында үкіметтің кеңейтілген отырысында осындай тапсырма берген болатын. Бұл тек министрліктің аппаратына қатысты емес,квазимемлекеттік мекемелерге де қатысты - деді Асхат Аймағамбетов.

Сондай-ақ, министрдің қатысуымен өткен аппарат  жиынында жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысының төмендігі сөз болған.

«ЖОО оқытушыларының жалақысы төмен. Сондықтан, 2020-2025 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттардың құны осы жылдың қыркүйегінен бастап ұлғайтылатын болады. Бұл  оқытушыларға жалақыны көтеруге мүмкіндік беретін болады», - деді министр. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, оқу жылының басынан бастап БҒМ-ге қарасты 25 жоғары оқу орындарында  жалақы 20-дан 50% - ға дейін көбейген.

Серіктес жаңалықтары