20.02.2020, 12:36
Үкімет
Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің басшысы тағайындалды
Комитеттің жаңа басшысы - еңбек жолын пионер лагерінің тәрбиешісі болып бастаған Майра Мелдебекова
Майра Мелдебекова Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Майра Мелдебекова 1971 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 1993 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Физика және информатика оқытушысы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1988 жылы Қызылорда облысындағы «Жас сұңқар» пионер лагерінің тәрбиешісі болып бастаған.
- 1993-2005 жылдары Шымкент қ., Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының орта мектептерінде қазақ тілі, математика және информатика пәндерінің мұғалімі болып жұмыс істеген.
- 2005-2018 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің жүйесінде басшылық қызметтерді атқарған.
- 2018 жылдан бастап Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы қызметін атқарды.
Көп оқылған
14.04.2026, 10:39
Бет-жүзін кескілеп, адам танымастай еткен: Ақтөбеде 22 жылға сотталған қылмыскер өзін ақтап алмақ болды
14.04.2026, 15:57
«Періштесі қақты»: Ақтөбеде ер адам жүк көліктерінің ортасынан өтіп, аман қалды (ВИДЕО)
14.04.2026, 09:27
Енді қазақстандықтар жүргізуші куәлігін алу үшін ақылы негізде арасына 10 күн салып шексіз емтихан тапсыра алады