$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.02.2020, 12:24
Үкімет

Елімізде медициналық маскаларды ел аумағынан шығаруға тыйым салынды

Бұл шектеу коронавирусқа байланысты енгізіліп отыр

Елімізде медициналық маскаларды ел аумағынан шығаруға  тыйым салынды

ҚР ДСМ тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Қазақстан Республикасының аумағынан жеке қорғану құралдарын (респираторлар, қорғаныш көзілдіріктері, I-II типті қорғаныш (обаға қарсы) костюмдері немесе бір реттік қорғаныш (обаға қарсы) костюмдері, медициналық маскалар, респираторлар, халаттар, қолғаптар) шығаруға тыйым салу туралы бұйрық шығарды,-деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 

Министрліктің мәлімдеуінше, тыйым ел азаматтарының денсаулығын қорғау мақсатында енгізілген.

«Қазір әлемде короновирус жылдам таралып жатыр. Ал бұл тыйым  елдегі  санитарлық эпидемиологиялық ахуалды бақылауда ұстауға мүкіндік береді», - делінген комитеттің баспасөз хаарламасында.

Серіктес жаңалықтары