$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.02.2020, 22:17
Оқиғалар

Павлодар облысында мұғалімді мектеп жанында зорлап кетті

Жас ұстаз жақында ғана көрші ауылдан ауысып келген 

Павлодар облысында мұғалімді мектеп жанында зорлап кетті

Павлодар облысының Аққулы ауданы Майқарағай ауылындағы бұрынғы әкімдік ғимаратында 19 жастағы мұғалімді зорлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Жас ұстаз жақында ғана көрші ауылдан келген екен. 

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіні анықтау бойынша қажетті тергеу амалдары, жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде», - делінген баспасөз хабарламасында.  

Белгілісі, 25 ақпан күні кешке сабаққа дайындалу үшін мұғалім мектепке қарай келе жатқан, өйткені интернет тек мектепте ғана бар көрінеді. Алайда, мұғалімге күтпеген жерден шабуыл жасаған адам оны мектеп жанындағы бұрынғы әкімдік ғимаратына сүйреп апарып, аяусыз зорлап кеткен.     

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сараптама тағайындалған. Полиция өзге ақпараттың тергеу мүддесіне орай жариялануға жатпайтынын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары