Атырауда мұздатқышқа салынған шақалақ ісі: басты күдіктілер қамауда отыр

Тергеу ісі жақын күндері аяқталып, сотқа тапсырылады

Атырауда мұздатқышқа салынған шақалақ ісі: басты күдіктілер қамауда отыр

Атырауда туа сала мұздатқышқа салынған шақалақ өліміне қатысты басты күдіктілер қамауда отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері мәлімдеді. 

«Қазіргі уақытта Атырау облысы бойынша осы іске қатысты негізгі фигуранттар мен лауазымды тұлғалар қамауда отыр. Бүгінгі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Тергеу ісі жақын күндері аяқталады, барлық сарапталамалар мен қорытындылар алынды, содан соң прокуратура арқылы сотқа тапсырылады», – деп мәлімдеді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысының бірінші орынбасары Бауыржан Балғабеков. 

Еске салсақ, Атырау облысындағы перинаталдық орталықта дәрігерлер қателесіп, жаңа туған шалажансар нәрестені мұздатқыш камерасына салып, қатырып өлтірген еді. Дәрігерлердің бұлай әрекет етуіне құжаттар базасына енгізілген мәліметтердің түзеуге келмейтіні басты себеп болған.    

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов шетінеген шақалақтың туыстарына көңіл айтқан болатын. Осы атышулы іс бойынша көп ұзамай Атырауға Денсаулық сақтау вице-министрінің басшылығымен арнайы комиссия жіберілген болатын.   

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.