$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.10.2019, 16:00
Жаңалықтар

Атыраудағы нәресте өлімі: Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті

Облыстық перзентхана басшысы бұған дейін ауыр айыппен ұсталған болатын

Атыраудағы нәресте өлімі: Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті
azh.kz

Атырау облыстық перинаталды орталықта шыққан даудан кейін Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті деп жазады Tengrinews.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдіктегілер Мәншүк Аймурзиеваның отставкасына қатысты пікір білдірген.

«Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті. Облыс әкімдігі аталған саланы дамытуға ерекше мүдделі. Жыл сайын медицина мамандарының мұқтаждығын өтеуге қажетті қаражат бөлініп келеді және оның көлемі де артып отыр. Сондай-ақ, перзентханалардың, ауруханалар мен медициналық мекемелердің қажеттілігін өтеуге күш жұмсалып жатыр. Кінәлілер міндетті түрде жазаланады. Облыс әкімінің денсаулық сақтау саласына жауапты орынбасары қатаң сөгіс алды», - делінген әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске салайық, Атырау облыстық перинаталдық орталықтың басшысы сәбидің өліміне қатысы бар және пара алды деген күдікпен жуырда ұсталған болатын. Ол құжаттарды қайта түземес үшін шалажансар баланы мұздатқышқа салып өлтіруге тапсырма берген деп айыпталуда.

Артынша, аталған перзентхананың 31 қызметкері өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазған.

Серіктес жаңалықтары