«Мұны естігенде таңғалдық» - министр Біртанов Атыраудағы бала өлімі жайлы

Министр Елжан Бітанов Атырауда болған жағдайға байланысты Денсаулық сақтау министрлігінің ұстанымын айтты

«Мұны естігенде таңғалдық» - министр Біртанов Атыраудағы бала өлімі жайлы
express-k.kz

ҚР Деснаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Атырау облысындағы сәби өліміне қатысты пікір білдірді.

«Бұл – өте үлкен айыптау, мұны естігенде таңғалдық. Өркениетті қоғамда мұндай әрекетке жол берілмеуі тиіс. Бірақ, тағылған айып дәлелденуі қажет. Құқық қорғау органдары толыққанды әділ тергеу жүргізеді деп сенемін. Сонымен бірге, Денсаулық сақтау министрлігі ретінде жүйелі мәселелердің бар екенін түсінеміз және оларды шешу үшін тұрақты жұмыс істеп келеміз», - деді Е. Біртанов.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін сайтымызда Атыраудағы облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігері, «Болашақ» бағдарламасымен Оңтүстік Кореядан білім алып келген Қуаныш Нысанбаевқа қызметін асыра пайдаланып, пара алды деген айып тағылып отырғанын жазған едік. Сондай ақ, бас дәрігер жаңа туған сәбидің өліміне қатысты деректі жасырмақ болған. 

Атырау облыстық перинаталдық орталығының басшысы мен дәрігері жаңа туған нәрестені тоңазытқыш камерасына салып өлтірді деген күдікке ілінді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.