ШұғылCOVID-19: елімізде тағы 1060 адамнан коронавирус анықталды

Павлодарда түзету мекемесіне сулы майлықтың қорабына салып есірткі өткізбек болған

Қылмысы әшкере болған жазасын өтеуші 2018 жылы түрмеге қамалған

Павлодарда түзету мекемесінде жазасын өтеушіге сулы майлықтың қорабына салып есірткі өткізбек болған. Түрмеге кіргізуге тыйым салынған зат сәлемдемелерді тексеру кезінде анықталған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық ҚАЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Өз танысына кездесуге келген 40 жастағы әйелдің әкелген сәлемдемелерін тексеру кезінде есірткі табылды. Аталған факті бойынша жедел іздестіру тобы шақыртылды. Сараптама тағайындалды», - делінген Павлодар облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жазасын өтеуші бұзақылық жасағаны үшін 2018 жылы түрмеге қамалған. Бұған дейін де бірнеше рет сотталған.

Бұған дейінгі тәжірибеде есірткіні түрмеге аяқ киім тазалауға арналған губка қорабы, дезодарант құтысы, азық-түлік ішіне салып өткізбек болған фактілер тіркелген.

Сұхбат
Танымал психоаналитик Анна Құдияровамен сұхбат
Қазақстан ғалымдары КВИ-ге қарсы вакцинаны 45 күнде әзірлеген
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
Филология ғылымдарының кандидаты Ербол Тілешовпен латын әліпбиіне қатысты сұхбат