$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.01.2020, 13:03
Оқиғалар

Гонконг соты қазақстандық Әбілқайыр Нукпиді кепілдікпен босатты - СІМ

Өткен жылы Гонконгтегі наразылық кезінде полиция баптистер университетінің студенті қазақстандық Әбілқайыр Нукпиді ұстаған

Гонконг соты қазақстандық Әбілқайыр Нукпиді кепілдікпен босатты - СІМ
Фото: sputniknews.kz

2020 жылғы 15 қаңтарда Гонконгтың аудандық сотында Әбілқайыр Нукпиді кепілдікпен шығару бойынша үшінші сот отырысы өтті. Ә.Нукпидің мүддесін баптистік университет ұсынған адвокат қорғауда. Бұл туралы ақпаратты Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі таратты.

«Қорғаушы тараптың дәлелдерін назарға ала отырып, сот Ә.Нукпиді кепілдікке босату туралы шешім қабылдады. Сот шешіміне сәйкес, Ә.Нукпи 2020 жылғы 26 ақпанға белгіленген келесі сот отырысына дейін анасымен бірге баптистік университеттің кампусында болып, бекітілген коменданттық сағатты сақтауға міндетті», - делінген министрлік хабарламасында.

Ведомствоның хабарлауынша, Қазақстанның Гонконгтағы бас консулдығы Ә.Нукпидің анасына толық қолдау көрсетіп, адвокаттармен келіссөздер жүргізуіне, сот отырыстарына қатысуына және басқа да қажетті консулдық-құқықтық мәселелеріне атсалысып жатыр.

Еске сала кетейік, өткен жылдың 18 қарашасында Гонконг қаласында наразылар мен полиция арасындағы қақтығыс кезінде баптистер университетінің бірінші курс студенті Қазақстан азаматы ұсталды. Министрлік бұған дейін Ә.Нукпиге қатысты сот 2020 жылдың қаңтарында өтеді деп хабарлаған еді. 

Серіктес жаңалықтары