$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.01.2020, 17:37
Оқиғалар

Бақауов лауазымын асыра пайдаланған – ҰҚК

Қазір Павлодар облысының әкіміне қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр

Бақауов лауазымын асыра пайдаланған – ҰҚК

Ұлттық қауіпcіздік комитеті Павлодар облысының әкім Болат Бақауовқа қатысты ресми мәлімет таратты.

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2020 жылғы 15 қаңтарда Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа қатысты лауазымдық уәкілеттіліктерін асыра пайдалану фактісі бойынша ҚР ҚК 362-бабы 4-бөлімі 3-тармағы бойынша тіркелген қылмыстық іске сәйкес жедел-тергеу іс-шараларын жүргізді», - деп хабарлайды ҰҚК-нің баспасөз қызметі.

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

«Тергеу амалдары кезінде толық деректер тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды», - деп хабарланған ресми ақпаратта.

Айта кетейік, кеше кейбір отандық сайттар мен әлеуметтік желілерде Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың ұсталғаны жайлы ақпарат тарады. Ал, бүгін таңертең Павлодар облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ернар Сейтахмет БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, облыс әкімдігінің қалыпты жағдайда жұмыс жасап жатқанын, облыс басшысы жұмыс бабымен Павлодар қаласында жүргенін мәлімдеді.

Павлодар облысының әкіміне қатысты бір тәулікке созылған оқиғаның қалай өрбігені жайлы Azattyq ruhy TV шолу жасап шықты.

Серіктес жаңалықтары