$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.12.2019, 09:27
Оқиғалар

Қорғаста аса ірі көлемде заңсыз тауар алып өтпек болғандар ұсталды

Қорғаста 13 млн теңгенің темекі өнімдерін заңсыз тасымалдаушылар ұсталды 

Қорғаста аса ірі көлемде заңсыз тауар алып өтпек болғандар ұсталды

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық орталығы кеден бекетінде декларациядан өтпеген темекі өнімдері мен дәрі-дәрмектің ірі көлемін тасымалдаушылар ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

27 желтоқсан күні «Қорғас-ШЫХО» кеден бекетінің қызметкерлері ҚР ҰҚК ШҚ қызметкерлерімен бірге кеден бақылауын жүзеге асыру барысында Қытай елінен Қазақстанға кіру кезінде 5 990 блок (59 900 қорап) түрлі маркалы темекі өнімдерін, жалпы салмағы 1 285 келі болатын темекі және салмағы 48 келі болатын 8 орындық қытай дәрілерін ұстады.

«Ұсталған жеке тұлғалар темекі өнімдерін «Қорғас-ШЫХО» кеден бекетінің кедендік шекарасы арқылы кедендік бақылаудан жасырып, ҚР аумағына қайтсе де кіргізуге тырысқан», - дейді «Қорғас-ШЫХО» баспасөз қызметінің өкілдері.
Қазіргі уақытта темекі өнімдеріне салынатын кеден төлемдері мен салықтары 13 596 883 теңгені құрады.

Қазіргі кезде істің егжей-тегжейі анықталып жатыр, содан кейін бұл іске қатысы бар барлық тұлғалар тиісті заңнамаға сәйкес жауапқа тартылмақ.

Серіктес жаңалықтары