$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.12.2019, 09:59
Оқиғалар

Ақжарқын Тұрлыбайдың қорғаушылары үкімді қайта қарауды сұрамақ

Ақжарқынның адвокаты сотта қорғаушы тараптың пікірі назарға алынбағанын айтады

Ақжарқын Тұрлыбайдың қорғаушылары үкімді қайта қарауды сұрамақ

Қытайда есірткі контрабандасы үшін сотталған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың қорғаушылары сот үкімін қайта қарауды сұрағалы отыр.

Бұл туралы Ақжарқынның екі адвокатының бірі Мурал Аденұлы хабарлады. Себебі, ол сот қорғаушы тараптың пікірін назарға алмаған дейді.

Еске сала кетсек, Қытай соты бұған дейін қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты өмір бақи бас бостандығынан айыру туралы шешімді өзгеріссіз қалдырған болатын. Жақында осы елдегі консулымыз Ақжарқынмен кездесіп, оған жақындарының фотосуреттері мен ағылшынша кітаптарды табыс етіп қайтты. Оның айтуынша, қандасымыздың халі бірқалыпты. Ол өзін-өзі дамытуды жалғастырып, йогамен шұғылдануды бастаған.

Жалпы, Қытайда есірткімен ұсталған адамдарға жаза қатаң. Деректерге сүйенсек, бұл елде 2000 жылдан бері оннан астам шетелдік өлім жазасына кесілген.

 

Дереккөз: «Хабар 24»

Серіктес жаңалықтары