$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.08.2021, 08:46
Оқиғалар

Байзақ ауданындағы жарылыс: Облыс әкімі жағдайдың толықтай бақылауға алынғанын мәлімдеді

Кеше кешке Жамбыл облысында жойқын жарылыс болды

Байзақ ауданындағы жарылыс: Облыс әкімі жағдайдың толықтай бақылауға алынғанын мәлімдеді

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қазіргі таңда Байзақ ауданындағы жағдай толықтай бақылауға алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы өңір басшысы өзінің Facebook парақшасында жазды.

«Қазіргі таңда Байзақ ауданындағы жағдай толықтай бақылауға алынды. Өңірдің төтенше жағдайлар, құқық қорғау және медицина саласының өкілдері барынша жұмылдырылды.

Апат орын алған аумақтан эвакуацияланған тұрғындарға арналып, облыс орталығынан 400-ден астам жатын орын дайындалған. Қосымша 1000-ға жуық орын дайындау мүмкіндігі қарастырылған», - деді әкім.

Сонымен қатар аймақ басшысы эвакуацияланған тұрғындарды керек-жарақпен қамтамасыз ету үшін жедел штаб жұмыс істеп жатқанын жеткізді.

«Жарылыс зардаптарын жою және эвакуацияланған тұрғындарды керек-жарақпен, ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Менің басшылығыммен құрылған жедел штаб барлық қажетті шараларды атқаруда.

Зардап шеккендер Тараз қалалық және аудандық ауруханаларға жеткізіліп, медициналық көмектер көрсетілуде.

ҚР Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрлерімен бірлесіп, тиісті шешімдер қабылдануда. Баршаңызды тек қана ресми мәліметтерге сенуге, жалған ақпараттарды таратпауға шақырамын», - делінген жазбада.

Еске салсақ, кеше, 26 тамыз күні кешкі сағат 19:00 шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімнен алапат өрт шығып, соңы жойқын жарылысқа ұласты. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қоймадағы жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы жағдайдың бақылауға алынғанын, дегенмен, жарылыс аумағына жақын орналасқан елдімекен тұрғындарына сақ болу керек екенін ескертті. 

Серіктес жаңалықтары