$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.08.2021, 22:47
Оқиғалар

Жамбылдағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды – Президент

Оқиға орнына Қорғаныс министрі аттанды

Жамбылдағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды – Президент

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы жарылыстың салдарымен күрес жұмыстары жалғасып жатыр. Осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

«Өрттің салдарын жою бойынша жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. ҚМ, ТЖМ, ІІМ бөлімшелерінің қызметкерлері жұмылдырылды. Теміржол байланысы уақытша тоқтатылды», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-парақшасында.

Қазіргі таңда оқиға орнына Қорғаныс министрі, Төтенше жағдайлар министрі мен Ішкі істер министрінің орынбасары аттанды. Жақын орналасқан ауылдардың тұрғындарын қауіпсіз аймаққа көшіру жұмыстары жүргізіп жатыр.

Соңғы ақпарат бойынша 32 адам жарақат алған. Қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ.

Серіктес жаңалықтары