26.08.2021, 22:33
Оқиғалар
Жамбыл облысындағы жарылыстан 32 адам жарақат алды – әкімдік
Адамдарды құтқару жұмыстары жалғасуда
Жамбыл облысындағы жойқын жарылыстан 32 адам жарақат алды, адам шығыны туралы ақпарат жоқ. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек мәлімдеді.
Айта кетейік, 26 тамызда кешкі сағат жетілер шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданында әскери қоймада жарылыс болды. Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, қоймада алдымен өрт басталып, артынан белгісіз зат жарылған. Ал, куәгерлер болса 9 жарылыстың болғанын айтып жатыр.
Дәулет Кәрібектің айтуынша, жарылыс болған жерге жақын орналасқан үш ауыл: Үшбұлақ, Қайнар, Жібек жолы ауылдарының тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Сондай-ақ, Тараз-Алматы тас жолы жабылған.
Көп оқылған
28.06.2026, 11:46
Қарағандыда тергеу изоляторының қызметкерін ұрған тұрғын ұсталды
Бүгін, 10:54
«Қалжың деп ойлаған еді»: астаналық жас жұбайлар Threads арқылы танымайтын адамдарды тойына шақырды
28.06.2026, 10:10
Қазақстанның медиа саласының дамуы: институционалдық жаңғыру және ақпараттық кеңістікті нығайту
28.06.2026, 07:16
28 маусымда аптап ыстық +41 градусқа дейін жетеді
28.06.2026, 10:00
Еліміздің тек бір қаласында ауа сапасы нашарлайды