$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.08.2021, 21:16
Оқиғалар

Жойқын жарылыс болды: Жамбыл облысында әскери қойма өртеніп жатыр

Оқиғаға қатысты ҚР Қорғаныс министрлігі ресми түсініктеме жариялады

 

Жойқын жарылыс болды: Жамбыл облысында әскери қойма өртеніп жатыр
Фото: ашық дереккөзден

Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімнен алапат өрт шығып, соңы жойқын жарылысқа ұласты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Аталған оқиғаға қатысты ҚР Қорғаныс министрлігі ресми түсіндірме жариялады. Онда өрт сөндіру жұмыстарының жалғасып жатқаны айтылған.  

«Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде 26 маусым күні шамамен сағат 19.00-де қоймалардың бірінен өрт шықтын. Өрт соңы белгісіз заттардың жарылуына ұласты. Өртті сөндіруге өрт сөндірушілер тобы жұмылдырылды. Сондай-ақ Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру күші де тартылды», - делінген ведомство мәліметінде.

Қазіргі уақытта өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Өрттің шығу себептері анықталуда.

«Оқиға орнына Қорғаныс министрлігі министрдің орынбасары, генерал-лейтенант Руслан Шпекбаев бастаған арнайы комиссияны жіберді», - делінген хабарламада.

Айта кетсек, әлеуметтік желілерде жарылыстың видеолары пайда болды. Әскери бөлімге жақын орналасқан елдімекен тұрғындары түсірген бейнекөріністерден жарылған снаряд дауысынан шошынған жұрттың үйлерін тастай қашып жатқаны байқалады.

Серіктес жаңалықтары