Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты

Қызды ауруханаға қатты жөтелмен әкелген, рентген кезінде асқазанынан 250-ден астам магнитті шарик табылған

Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты
Фото: istockphoto.com

Екі жасар бала ауруханаға қатты жөтеліп келген. Рентген тексеруі оның асқазанында 250-ден астам магнитті шарик бар екенін көрсетті. Магниттер ішекті зақымдауы мүмкін болғандықтан, дәрігерлер кішкентай науқасқа шұғыл ота жасауға мәжбүр болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мәскеудегі Морозов атындағы балалар ауруханасының хирургтері магнитті шариктердің өте көп мөлшерін жұтып қойған екі жасар қыздың өмірін сақтап қалды.

Мәскеу қаласының Денсаулық сақтау департаменті хабарлағандай, ата-анасы қызды қатты жөтелгеніне байланысты ауруханаға жеткізген. Алайда тексеру кезінде оның асқазанында өте көп металл заттың жиналып қалғаны анықталды. Бұл баланың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін еді.

Магниттердің ішекке зақым келтірмегеніне көз жеткізу үшін дәрігерлер алдымен лапароскопия жасады.

«Іш қабырғасындағы кішкентай тесіктер арқылы гастроэнтерологтар камера енгізіп, ішкі ағзаларды тексерді. Баланың ішегі зақымданбаған болып шықты», – делінген ақпаратта.

Осыдан кейін дәрігерлер асқазандағы магнитті шариктерді алып тастауға кірісті.

Хирургтер ашық ота жасаудың орнына эндоскопиялық құрал-жабдықтарды пайдаланды. Арнайы құралдар өңеш арқылы енгізіліп, солардың көмегімен бөгде заттар асқазаннан шығарылды.