$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.08.2021, 01:57
Оқиғалар

Тараз маңында жарылған қоймаларға оқ-дәрі Арыстан жеткізілгені айтылды

Қорғаныс министрлігі өртенген қоймада алысқа ұшып жарылатын снарядтар жоқ екенін мәлімдеді

Тараз маңында жарылған қоймаларға оқ-дәрі Арыстан жеткізілгені айтылды
Фото: әлеуметтік желіден

Қорғаныс министрі, Төтенше жағдайлар министрі және қорғаныс ведомствосының комиссиясы мінген ұшақ Жамбыл облысына ұшып келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Лауазымды тұлғалар оқиға орнына шықты. Инженерлік оқ-дәрілердің жанып жатқанын өрттің динамикасынан байқауға болады. Инженерлік оқ-дәрілер қоймасында жалғасып жатқан өрт сол жерде сақталған тротилдың жануынан туындауы мүмкін». – делінген ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз хабарламасында.

Ведомство атап өткендей, аспандағы түтін іздері қоймада сақталған сигналдық патрондардың өртенуіне байланысты болуы да ықтимал.

«Арыс қаласындағы өрт салдарын жойғаннан кейін аталған қоймаға инженерлік оқ-дәрілердің бір бөлігі шығарылғанын айта кеткен жөн. Бұл қоймада алысқа ұшып жарылатын снарядтар жоқ», - делінген хабарламада.

Айта кетсек, Тараз қаласының мектептеріне 1200-ге жуық адам – Байзақ ауданының Қайнар, Ботамойнақ, Жібек жолы ауылдары мен Үшбұлақ станциясының тұрғындары эвакуацияланған.

Еске салсақ, 26 тамыз күні кешкі сағат 19.00 шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімнен алапат өрт шығып, соңы жойқын жарылысқа ұласты. Жарылыс салдарынан 60-тан астам адам зардап шекті. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қоймадағы жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы жағдайдың бақылауға алынғанын, дегенмен, жарылыс аумағына жақын орналасқан елдімекен тұрғындарына сақ болу керек екенін ескертті

Серіктес жаңалықтары