$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.05.2021, 13:37
Оқиғалар

Шарын шатқалында зардап шеккендердің біреуі жансақтау бөлімінде жатыр

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы зардап шеккендердің жағдайымен танысты

Шарын шатқалында зардап шеккендердің біреуі жансақтау бөлімінде жатыр
Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысындағы Шарын шатқалында болған сел салдарынан зардап шеккен 6 адам Ұйғыр аудандық орталық ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«29 мамыр күні Ұйғыр аудандық орталық ауруханасына Шарын шатқалында зардап шекккен 6 адам жеткізілді.  Олардың екеуі – 2009 және 2010 жылы туған балалар. Қазіргі уақытта 2009 жылы туған бала Алматы аймақтық балалар ауруханасына жеткізілді. Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне жатқызылды. Жағдайы ауыр, тұрақты. Диагнозы: жабық бас сүйек-ми жарақаты. Мидың шайқалуы. Денесінің бірнеше бөлігі жарақаттанған», - делінген облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ, сел кезінде зардап шеккен өзге де оқушылар мен ересектерге қатысты деректер жарияланды. Атап айтқанда:

2010 жылы туған науқас Ұйғыр аудандық ауруханасының хирургиялық бөлімшесіне жатқызылды. Диагноз: Жабық бас сүйек-ми жарақаты. Мидың шайқалуы. Аяқтары жарақаттанған.

1976 жылы туған науқас хирургиялық бөлімге жатқызылды. Диагнозы: бас миының шайқалуы. Денесі жарақаттанған.

1991 жылы туған науқасты туыстарының талабы бойынша одан әрі тексеріп, емдету үшін Алматы қаласына алып кетті. Диагнозы: ЖЖБИ. Мидың шайқалуы.

1970 және 1971 жылы туған екі адам амбулаториялық емделуге жіберілді.

Айта кетерлігі, Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбеков арнайы Ұйғыр аудандық орталық ауруханасына барып, зардап шеккендердің жағдайымен танысты және дәрігерлерге медициналық көмек көрсету бойынша бірқатар тапсырма берді.

Сонымен қатар, Алматы аймақтық балалар ауруханасынан травматолог мен реаниматолог дәрігерлер барып, зардап шеккен оқушыларға білікті медициналық көмек көрсетті.

Оқи отырыңыз: Оқушылар экскурсияға шыққан: Шарын шатқалында болған селдің видеосы жарияланды

Еске сала кетейік кеше, 29 мамырда Шарын шатқалында сел жүрген. Сел салдарынан Алматыдан экскурсияға барған № 199 мектептің оқушылары зардап шекті. Селден 27 жастағы мұғалім жігіт пен бір оқушы қаза тапты. Сел ағызып әкеткен бір оқушы бір күннен кейін аман-есен табылды.

 
Серіктес жаңалықтары