$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.05.2021, 14:28
Оқиғалар

Атырауда абайсызда өзенге құлап кеткен баланы әкесі құтқарып қалды

Оқыс оқиға Полиция басқармасының бейнебақылау камерасына түсіп қалған

Атырауда абайсызда өзенге құлап кеткен баланы әкесі құтқарып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жаздың алғашқы айы басталғалы, өзен көлдерге шомылу фактілері азаяр емес. Сақтық шараларына салғырт қараған Атыраулық тұрғын 28 мамыр күні кешкі сағат 20:03 шамасында балаларымен Жайық өзеніне демалуға барған. Кенет жас шамасы 6-7 жастағы екі баланың бірі абайсызда өзенге құлап кеткен. Абырой болғанда, әкесі лезде баланы алып шығып үлгерді», - деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Бұл уақытта бейнебақылау қызметкерлері оқиғаны жедел байқап, жақын маңдағы полицейлерге бағыттама берген.

«Жағалауға бірден жеткен полиция қызметкерлері тексеру барысында кәмелет жасқа толмаған екі жасөспірінің ата-анасын балалардың өзенге шомылуға жас-шамаларының жетпеуі және рұқсат етілмеген жерде шомылғаны үшін профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ескерту берді»- деді Қамза Үмбетқалиев.

Өз кезегінде тәртіп сақшылары шомылу кезіндегі сақтық шараларын толық сақтамауы, түрлі оқыс оқиғаларға ұшыратуы мүмкін екенін ескертеді.

«Балалар суға түсу кезінде, орын алатын түрлі қауіп-қатерді ұмытып кетеді. Сол себептен, жазғы демалыс уақытында жасөспірімдерге судағы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, ата-аналарды балаларыңызға абай болуды ескертеміз», - дейді ПД өкілі.

Серіктес жаңалықтары