Қостанай облысында 1,5 жасар сәби құдыққа құлап мерт болды
Баланы әкесі тауып алған, алайда оны құтқарып қалу мүмкін болмады
Қостанай облысында бір жарым жасар сәби жеке үйдің ауласындағы қараусыз қалған құдыққа құлап мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қайғылы оқиға 24 мамыр күні Федоров ауданы Костряков ауылында болған. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, сәбиді әкесі тауып алған, алайда оны құтқарып қалу мүмкін болмаған.
«Аталған факт адам өлімі ретінде қарастырылып, қылмыстық құрам белгілері бойынша тіркеуге алынды», - делінген облыстық ПД хабарламасында.
Қазіргі уақытта сараптама тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
«Отбасы толық, есепке тұрмаған, бұрын-соңды әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тартылмаған. Қайғылы оқиға болған кезде сәбидің ата-анасы үй шаруаларымен айналысып жүрген», - дейді ПД өкілдері.