ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 967 адамнан COVID-19 вирусы анықталды

Екібастұзда бір күн бұрын жоғалып кеткен жасөспірімдердің денесі табылды

Балалардың заттары олардың мәйіті табылған тұстан он шақырымдай жерде қалған

 

Фото: ашық дереккөзден

Екібастұз қаласында бір күн бұрын жоғалып кеткен 15 жастағы екі оқушының денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

30 мамыр күні түскі сағат 12.00 шамасында Вячеслав пен Александр атты екі жасөспірімнің денесі қаладан бірнеше шақырым қашықтағы, шомылуға рұқсат етілмеген қазаншұңқырдан табылды.

Павлодар қаласының VITA іздеушілер жасағының мәліметінше, олар бірін-бірі құтқармақ болғанда суға кетуі мүмкін.

«Балалардың суға түсер алдында қалдырған заттары олардың мәйіті табылған тұстан он шақырымдай қашықта жатты. Балалардың бірі суға бата бастағанда, екіншісі оны құтқаруға тырысып, ақыры екеуі де батып кеткен сияқты», - деп болжам жасайды еріктілер. 

Іздеу жасағы Instagram парақшаларында балалардың отбасылары мен жақындарына қайғыра көңіл айтатынын жеткізді.

Айта кетсек, 29 мамыр күні сағат 16:00 шамасында 2005 жылы туған екі оқушы Екібастұздағы жаңа көпірдің жанындағы қазаншұңқырға шомылуға кеткен. Кешкі сағат жеті шамасында олардың заттары жағадан табылды. Балаларды іздеу жұмыстарына полиция қызметкерлері, құтқарушылар және еріктілер жүзден астам адам жұмылдырылған.