Оқушылар экскурсияға шыққан: Шарын шатқалында болған селдің видеосы жарияланды

Сел салдарынан 2 адам қаза тауып, 6 адам зардап шекті, 1 адам жоғалып кетті

 

Оқушылар экскурсияға шыққан: Шарын шатқалында болған селдің видеосы жарияланды
Видеодан кадр

Кеше, 29 мамырда Шарын шатқалының төменгі бөлігінде сел жүріп, соның салдарынан екі адам қаза тапты,олардың бірі жасөспірім екені белгілі болды. Сондай-ақ алты адам зардап шекті, бір адам жоғалып кетті. Алматы облыстық Білім басқармасының мәліметінше, сел болған сәтте оқушылар экскурсияда жүрген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.  

«Шарындағы қайғылы жағдайға байланысты «Экскурсияға 300-ге жуық оқушы барған» деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Оқушылардың нақты саны әлі де анықталып жатыр. Зардап шеккендердің де нақты саны, сондай-ақ, экскурсияны кімнің ұйымдастырғаны жөніндегі деректер де анықталу үстінде. Аймақтық білім басқармасы мен әкімдік барлық деректі жинастыру үстінде. Оқиғаның мән-жайы анықталған кезде, барлық ақпарат жария етіледі», - делінген Алматы олыстық Білім басқармасының баспасөз хабарламасында.

Тағы бір айта кетерлігі, әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген видео жарияланды.

Бенекадрларды ер адам таудың жоғарғы тұсынан түсірген. Онда төменгі жақта тұрған адамдардың жақындап қалған алапат лайлы тасқыннан үрейленіп, кері шегініп жатқанын көруге болады.

Оқи отырыңыз: Шарын шатқалында сел жүрді: 2 адам қаза тауып, 6 адам зардап шекті

Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегінше, селдің жүруіне ауа райы жағдайының күрт өзгеруі – бұршақ араласқан қысқамерзімді қатты жауынның жаууы себеп болған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.