29.05.2021, 17:57
Оқиғалар
Семей қаласындағы әскери госпитальдің бастығы ұсталды
Құқық қорғау органдары медицина қызметінің подполковнигін ұстады
Фото: ашық дереккөзден
Семей қаласындағы әскери госпитальдің бастығы ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2021 жылдың 29 мамырында құқық қорғау органдары Семей қаласындағы әскери госпитальдің бастығы, медицина қызметінің подполковнигі Дулат Құрметовті ұстады. Басқа мәлімет тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайды», - деді ведомствоның ресми өкілі Ғани Нүсіпов.
Оқи отырыңыз: Қорғаныс министрлігінің жоғары шенді қызметкері ұсталды
Айта кетсек, 28 мамыр күні ҚР Қарулы Күштерінің Тыл және қару-жарақ басқармасының бастығы, полковник Асылбек Сатыбалдиновтың ұсталғаны туралы хабарлаған едік.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты