$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.05.2021, 11:44
Оқиғалар

Шарын шатқалындағы қайғылы жағдайға қатысты министрлік мәлімдеме жасады

Экскурсияға барғандардың арасында Алматы қаласындағы №199 гимназияның 8 оқушысы болған

Шарын шатқалындағы қайғылы жағдайға қатысты министрлік мәлімдеме жасады

29 мамыр күні Шарын шатқалында жүріп өткен сел салдарынан қайғылы оқиға болды. Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, экскурсияға барғандардың арасында Алматы қаласындағы №199 гимназияның 8 оқушысы болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Балаларды 5 ата-ана мен 3 мұғалім ертіп жүрген. Қайғылы оқиға салдарынан 1 оқушы мен бейіндік пән мұғалімі көз жұмды, тағы бір оқушыны іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Қаза болғандардың отбасыларына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз. 

Оқу жылы аяқталған кезде мұғалімдер мен ата-аналар өз сапарларын жоспарлап қойған болар. Осы ретте өздеріңізге және балаларыңызға сақ болуларыңызды сұраймыз. Мүмкіндігінше абай болып, балалармен демалуға не экскурсияға барғанда, су қоймаларына түспегеніңіз абзал. Сонымен бірге қауіпті аймақтарға жақындамай, әрдайым балаларыңыздың жанында болыңыздар. Өйткені Сіздің өміріңіз бен амандығыңыздан қымбат ештеңе жоқ, - делінген министрліктің баспасөз хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары