ШұғылЕлімізде тағы 7778 адамнан коронавирус анықталды

Оралда бұрынғы күйеуі пышақтап өлтірген әйелді соңғы сапарға шығарып салды

Күдікті ретінде қалалық әкімдіктің бұрынғы қызметкері - бұрынғы күйеуі ұсталды

фотосуретте: марқұм Айнагүл Хайруллина

19 сәуірде Орал қаласындағы темір-бетон конструкцияларын шығаратын зауыттың маңайынан 30 жастағы әйел табылды. Оның денесіне бірнеше пышақ жарақаты салынған. Полиция өкілдері әйелдің денесін көпсалалы ауруханаға жеткізіп, ондағы мамандар ресми түрде әйелдің биологиялық өлімін тіркеді.

Әйелдің денесі табылған күні 30 жастағы күдікті ұсталды, ол Бауыржан Хайруллин есімді марқұмның күйеуі болып шықты. «Мой город» порталының хабарлауынша, күдікті қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінде істеген.

Кісі қолынан қаза тапқан Айнагүл Хайруллинаның әпкесінің айтуынша, ерлі-зайыптылар ажырасқанмен, күйеуі оның ізінен қалмай қойған.

Бүгін, 21 сәуірде бұрынғы күйеуі пышақтап өлтірген Айнагүл Хайруллинаны ақтық сапарға шығарып салды. Марқұммен қоштасуға оның туыстары мен жақын араласатын достары келді.