ШұғылЕлімізде тағы 7778 адамнан коронавирус анықталды

Оралда әкімдіктің бұрынғы қызметкері әйелін пышақтап өлтірді - БАҚ

Күдікті қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінде 1 айдан аса уақыт жұмыс істеген

көрнекі сурет

19 сәуірде Орал қаласындағы темір-бетон конструкцияларын шығаратын зауыттың маңайынан 30 жастағы әйел табылды. Оның денесіне бірнеше пышақ жарақаты салынған. Полиция өкілдері әйелдің денесін көпсалалы ауруханаға жеткізіп, ондағы мамандар ресми түрде әйелдің биологиялық өлімін тіркеді.

Әйелдің денесі табылған күні сағат 17:00 шамасында күдікті ұсталды. 30 жастағы күдікті (ер адам - ред.) марқұмның күйеуі болып шықты. «Мой город» порталының хабарлауынша, күдікті қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінде істеген.

«Мен еңбек демалысынан бүгін ғана шықтым. Таңертең жұмыс бабымен оған хабарластым. Сөйтсем, ол жұмыстан шығып кетіпті. Жұма күні кетіп қалған», - деп атап өтті қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Жандос Дүйсенғалиев.

Бөлім басшысының айтуынша, ер адам бөлімде 1 айдан аса уақыт жұмыс істеген. Ұжымда сабырлы болған, жұмысын ойдағыдай атқарған. Шылым шекпеген, арақ ішпеген. Спортпен айналысады. Волейбол құрамасы қатарына кіріп, жақында жарысқа да қатысқан.

Қазір аталмыш оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Uralskweek порталының хабарлауынша, күдіктінің есімі - Бауыржан Хайруллин. Қайтыс болған Айгүл Хайруллина - оның бұрынғы әйелі. Ерлі-зайыптылар ажырасып кеткен, артында 6 және 8 жастағы балалары бар.