$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.04.2021, 14:13
Оқиғалар

Аяжан Еділованың денесі жер қойнына тапсырылды

Марқұмның денесі туыстарына мырыш табытпен берілген

Аяжан Еділованың денесі жер қойнына тапсырылды

Алматыда кісі қолынан қайтыс болды делінген Аяжан Еділованың мәйіті туыстарына берілді. Қыздың мүрдесі жер қойнына тапсырылған. Бұл туралы «НеМолчиKz» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі Facebook парақшасында жазды..

«Бүгін, 16 сәуір 2021 жылы Аяжан Еділованы жерлеу рәсімі өтті. Өмірге құштар, белсенді, мақсаты бар, еңбекқор қыз 20 наурызда қанқұйлы қылмыскердің қолынан қайтыс болды», - деп жазды қоғам белсендісі. 

Дина Таңсәрінің жазуынша, Аяжанның денесі туыстарына мырыш табытпен берілген. 

Естеріңізге салсақ, 19 жастағы Аяжан 19 наурыз күні кешкісін жұмысынан шығып, қайта оралмаған. Араға екі күн салып оның бөлшектелген денесі Нұркент ықшамауданындағы пәтерлердің бірінен табылды. 26 наурызда Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі 19 жастағы қызды айуандықпен өлтірген қанды оқиға жайлы баяндады. Күдікті қылмыстың ізін жасыру үшін қыздың денесін қаланың әр ауданындағы қоқыс контейнерлеріне апарып тастаған. Ұсталған азамат жедел іздестіру тобына бұл мәлметтерді өзі айтып берген. Содан кейін күдікті Алматы қалалық №7 клиникалық ауруханасына жатқызылды. Ол осы оқиғадан кейін өзіне қол жұмсамақ болған.

29 наурызда күдікті ауруханадан шығарылып, ПД жанындағы уақытша ұстау изоляторына 2 айға қамауға алынды. Күдікті - Түркістан облысының тумасы, бұрын сотталмаған.

31 наурызда марқұмның жақындары айуандықпен өлтірілген Аяжан Еділованың денесін әлі күнге дейін жер қойнына тапсыра алмай жүргенін айтты.

Серіктес жаңалықтары