ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте КВИ жұқтырғандар саны күрт өсті

Аяжан Еділованы өлтірді деген күдікке ілінген азамат ауруханадан шықты

Сот шешімімен ол 2 айға уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды

Алматыда 19 жастағы Аяжан Еділованы өлтірді деген күдікке ілінген 28 жастағы азамат ауруханадан шықты. Бұл туралы ақпаратты Azattyq Rýhy тілшісіне Алматы қалалық прокуратурасының баспасөз хатшысы Кенесары Бағбанұлы растады.

Естеріңізге сала кетейік, 26 наурызда Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі 19 жастағы қызды айуандықпен өлтірген қанды оқиға жайлы баяндады. Күдікті қылмыстың ізін жасыру үшін қыздың денесін қаланың әр ауданындағы қоқыс контейнерлеріне апарып тастаған. Ұсталған азамат жедел іздестіру тобына бұл мәлметтерді өзі айтып берген. Содан кейін күдікті Алматы қалалық №7 клиникалық ауруханасына жатқызылды. Ол осы оқиғадан кейін өзіне қол жұмсамақ болған.

Алматы прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті ауруханадан шығарылып, ПД жанындағы уақытша ұстау изоляторына 2 айға қамауға алынды.

Күдікті - Түркістан облысының тумасы, бұрын сотталмаған.