ШұғылБір тәулікте Қазақстанда 7691 адамнан коронавирус анықталды

ШҚО-да массаж салонының қызметкерлері клиенттерге интимдік қызмет көрсеткен

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

Фото: ашық дереккөзден

ШҚО ПД криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында облыс орталығының аумағында орналасқан массаж салондарының бірінде жеңгетайлық фактісін анықтады. Бұл массаж салонында қыздар клиенттерге қосымша ақы үшін интимдік қызметтер көрсеткен, атап айтқанда «Body» массаж жасаған. Бұл турпалы ШҚО ПД баспасөз қызметі хабарлады.

«Криминалдық полиция жедел уәкілдері Өскемен қаласының 35 жастағы тұрғынын ұстады, ол осы массаж салонының директоры ретінде белгілі бір жағдай жасай отырып, ақшалай сыйақы үшін жезөкшелік қызметін ұйымдастырған»,- ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 309-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде.