29.03.2021, 12:47
Оқиғалар
Павлодарда ауыр қылмыс жасады деген күдікті ұсталды
Полиция аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады
Фото: ашық дереккөзден
Павлодарда ауыр қылмыс жасады деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
"2021 жылғы 28 наурызда Павлодар қаласындағы Лермонтов көшесіндегі үйдің ауласында қоқыс контейнерінің жанында зорлық-зомбылық белгілері бар 38 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 50 жастағы әйел ұсталды", - деді Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.
Полиция аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті. Күдікті Павлодар қаласының УҰИ-не қамалды.
Осы қылмысты жасаудың мән-жайлары мен шарттары сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында анықталады.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
Бүгін, 02:13
Қыздарына барып келе жатқан: ерлі-зайыпты Астана – Петропавл тас жолында жол апатынан қаза тапты
04.11.2026, 15:24
«Полиция формасын хэллоуинге теңеген»: әйел адам әзілдемеймін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:32
Қайғылы жағдай: Текеліде 11 жастағы қыз баланы экскаватор басып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды