ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 6797 адамнан коронавирус анықталды

Павлодар облысының тас жолында 10 автокөлік соқтығысты

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 3 ауыр жүк көлігі, 7 жеңіл көлік жол апатына ұшырады

кадр: видео

Бүгін Павлодар облысыдағы Ленин-Ертіс автожолының 19 шақырымында ауа райының қолайсыздығына байланысты 10 автокөлік (3 ауыр жүк көлігі, 7 жеңіл көлік) соқтығысып, ірі жол апаты тіркелді.

Павлодар облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апатынан 3 адам жарақат алып, Павлодар қалалық ауруханасына жеткізілген.

Ал, pavlodarnews.kz порталының дерегі бойынша, жола апатынан барлығы алты адам зардап шеккен, олардың біреуі - бес жасар бала.

Павлодардың №1 қалалық ауруханасына жабық бас сүйек-ми жарақаттары, бас миының шайқалуы, түрлі сынықтар мен көгерулер бар төрт ересек адам жеткізілді. Сондай-ақ, жабық бас сүйек-ми жарақаты және бас миының шайқалуы  анықталған бала әжесімен бірге облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.