ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 6797 адамнан коронавирус анықталды

Атырауда бірнеше адам жемқорлық күдігіне ілінген шенеунікті қолдап, наразылыққа шықты

Жиналғандардың арасында мүгедек балалардың аналары да бар

фото: azh.kz

28 наурызда сот облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Серік Қамидоллаға қатысты 2 айға үй қамаққа алу туралы шешім шығарды. Бұл жағдай күтпеген жерден қоғамның назарын аударды, деп хабарлайды azh.kz.

Естеріңізге сала кетейік, оны 25 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері ұстап, Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлімі 4-тармағы («Бірнеше рет пара алу»), 367 («Қомақты мөлшерде пара беру») және 190-бабы («Алаяқтық») бойынша тергеу жүріп жатыр. Ол 2020 жылдан 2021 жылға дейінгі аралықта ЖШС директорынан шетелдік жұмыс күшіне рұқсат бергені және жалпы қамқорлығы үшін пара алды деген күдік бар. Әзірге уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.

Қамидолланы қолдап, қорғауға облыстық соттың алдына бірнеше адам жиналды - олар Жылыой ауданының тұрғындары. Олар Камидолланы босатуды, ең болмағанда үй қамағында болуын талап етті. Тұрғындардың айтуынша, күдікке ілінген шенеунік көптеген адамға көмектескен.

Бұған дейін Атырау қалалық полиция басқармасының ғимараты алдына адамдар тағы жиналды. Олар Қамидолланың үй қамаққа шығаратынын күткен.

«Біз мұнда Қамидолланы қолдау үшін келдік. Мен 2 мыңға жуық оқырманы бар телеграм-каналында аналар чатының әкімшісімін. Біз Серік Қамидолла пара алды дегенге сенбейміз және оған жала жабылды деп есептейміз. Басқа шенеуніктерге қарағанда ол біздің барлық сұраққа жауап беріп отырды, өтінішіңді жерге тастамайтын. Ол халықтың адамы. Біз оның босатылуын талап етеміз», - дейді Сандуғаш Кокенова есімді тұрғын.

Ал, Серік Қамидолланың әйелі Гаухар Арыстанова ел президентінен іске араша болып, әділ шешім қабылдауын сұрайды.