$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.03.2021, 16:27
Оқиғалар

Түркістан облысының полицейлері алаяқтықпен айналысқан Алматы облысының тұрғынын ұстады

Қазіргі уақытта ұсталған күдікті қамауда

Түркістан облысының полицейлері алаяқтықпен айналысқан Алматы облысының тұрғынын ұстады
Фото: ашық дереккөзден

Жетісай АПБ-ның кезекшілік бөлімшесіне бірнеше тұрғын хабарласып, белгісіз азаматтың оның ақшаларын көбейтіп беремін деп, алаяқтық  тәсілмен есеп шотына ақша салдырып, қайтармағанын хабарлайды. Аталған жайт бірден Жетісай АПБ-де ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынған. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Сақшылар қылмысты дер кезінде ашу мен алаяқ құрбандарының саны одан әрі артып кетпес үшін, тәжірибелі қызметкерлердің арасынан тергеп-тексеру тобын құрды. Олар күдіктіні анықтауға бағытталған шаралардың барлығын атқарды. 

Нәтижесінде алаяқтық қылмысын жасаған күдікті ретінде Алматы облысының жергілікті тұрғыны ұсталды. Ұсталған азамат ватсап желісі арқылы арнайы топ ашып, оған әртүрлі адамдарды тіркеп, олардың сеніміне кірген. Содан соң топтағы әрбір адамға өзінің компанияның қызметкерімін деп таныстырып, есепшотын ұсынып, соған ақша салса, белгілі бір мерзім ішінде 3 еселенетінін айтып, алдаған. 

Ер азаматқа сенген жәбірленушілер, 5 000 мен 100 000 теңге аралығындағы ақшаларын есепшотқа аударған. Жәбірленушілер Кентау, Мақтаарал, Жетісай, Шардара, Отырар аудандарының тұрғындары. Бүгінгі күнге дейін жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі миллионға жуықтаған, алайда арызданушылар санының артуына байланысты оның көлемі ұлғаюы мүмкін. Сондықтан сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта ұсталған күдікті қамауда. 

Осы тұста полицейлер тұрғандарға ескертеді: кез-келген бейтаныс адамға сенім артып, қажетті деген құжаттарды, жеке мәліметтеріңізді ақшаларыңызды беруден абай болыңыздар. Сондай-ақ ақша беру, ақша аудару, ақша алу сынды операциялар кезінде мұқият болу қажет. Ақшаны тек  белгілі және заңды банктер ғана тиісті мөлшермен еселеп беретінін естен шығармаңыз! 

Серіктес жаңалықтары